• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:08:07
Алматы
+35°

10 Маусым, 2019 Саясат

Экзит-полл: "Сайлауда Тоқаев жеңіске жетті"

Сайлау бәйгесінде биліктегі партияның кандидаты қарсыластарын шаң қаптырды. Бұл сөзді экзит-полл нәтижелері растайды.

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы тәмәм болды. Экзит-полл нәтижелері  Nur Otan партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың басымдылығын көрсетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қоғамдық пікір" институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова мәлім етті.

Экзит-полл нәтижесінде кандидаттардың жинаған болжамды дауысы мен аймақтардың сайлауға қатысу пайызы көрсетілген. 

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандарға қолайлы болуы үшін әр кандидаттың жинаған дауыс пайызын рет-ретімен көрсетпек. 

1. Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,13 пайыз

2. Әміржан Қосанов - 15,39 пайыз

3. Дания Еспаева - 5,32 пайыз

4. Жамбыл Ахметбеков - 3,86 пайыз

5. Төлеутай Рақымбеков - 3,03 пайыз

6. Амангелді Таспихов - 1,41 пайыз

7. Сәді-Бек Түгел - 0,86 пайыз

Экзит-полл

"Қоғамдық пікір" институты бүгін күні бойы сайлау учаскелерінің шыға берісінде азаматтарға әлеуметтік зерттеу Exit poll жүргізді. Сұхбаттасушылар 325 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізді. Оның ішінде облыс орталықтыры мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 97 учаске, шағын қалаларда 94 учаске, ал ауыл округтерінде 134 учаске қамтылды", - деді Айнұр Мәжитова.

Ескерту!

Жоғарыда көрсетілген пайыздық көрсеткіштер "Қоғамдық пікір" институтының сайлау учаскелерінде жүргізген сауалнамасының нәтижесіндегі экзит-полл көрсеткіші. Қателесу мүмкіндігі - 3 пайыз. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір