• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

10 Маусым, 2019 Оқиғалар

Әріптестен келген ажал: Түркістандағы инкассаторларды өлтіргендер тұтқындалды

Инкассаторлардың мәйітін іздестіруді жалғастырып, келесі күні таңертең сағат 6.00-де аудан орталығынан 35 шақырым жерде басына оқ атылған жерден таптық

Түркістан облысында инкасаторларды әріптесі өлтірген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"2019 жылы 7 маусымда кешкі сағат 18:16-да Арыс ПБ-нің кезекші бөліміне пошта бөлімшесінен екі инкассатор Задарья кенті бағыты бойынша қызметтік автокөлікпен шығып, Монтайтас ауылына соққаны туралы хабарлама түскен. Поштамен байланысқа шығып, Қожатоғай кентіне баратындарын айтқан, содан із-түссіз жоғалып кетіп, 12:00-ден кейін кейін байланысқа шықпаған. Автокөлікте ауылдықтардың зейнетақылары мен жәрдемақыларын төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден аса қаражат болған. 

"Біз инкассаторлардың орналасқан жерін анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдадық. Полиция департаменті мен Арыс аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлері арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, олар жоғалған инкассаторларды іздеуге бағытталды. Жедел уәкілдер ауданнан кіру және шығу жолдарын, көше қиылыстарында орнатылған бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден сұрау және басқа да жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде, сол күні сағат 20.00-ден кейін жедел уәкілдер Арыс қаласынан 3 шақырым жерде тасталған автокөлікті тауып, автокөліктің салонында криминалистер қан іздерін тапты. Біз инкассаторларды құрбан болды деген пікірге бірден келдік. Инкассаторлардың мәйітін іздестіруді жалғастырып, келесі күні таңертең сағат 6.00-де аудан орталығынан 35 шақырым жерде басына оқ атылған жерден таптық", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтап, оны тұрғылықты жері бойынша ұсталған. Ол 1981 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған күдіктіден аңшы мылтығы мен ұрланған ақша тәркіленді. Ол демалыста жүргенде, жол бойында олармен бірге келе жатып, атып кетіп, ақшамен жасырынып жүргенін мойындады. Азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" және 192-бабы "Қарақшылық"бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінді. Ұсталған азамат қамауға алынды. Оқиға болған жердің барлық мәліметтері сотқа дейінгі тергеу барысында орнатылады", - деді Түркістан облысы ПД басшысы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков брифингте.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір