• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Тамыз, 19:40:55
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

10 Маусым, 2019 Саясат

Митинг кезінде үш полицей жарақат алды

Министрлік өкілінің сөзінше, екі полицияға тас тиген, біреуінің көзі газ баллонынан күйген.

ІІМ 9 маусымда Нұр-Сұлтандағы наразылық кезінде үш полицияның зардап шеккенін хабарлады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясындағы брифинг кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық ақпаратын негізге алып. 

Қожаев "наразылар полицияға тас, қолдарына түскен заттарды лақтырды. Көз ашытатын баллон қолданды" деп айыптады.

Орталық сайлау комиссиясындағы жиында Қожаев 9 маусымдағы наразылық кезінде 500-дей адам ұсталғанын, полиция наразыларды ұстау кезінде заңға сай әрекет еткенін айтты. 

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүздеген адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір