• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:42:58
Алматы
+35°

10 Маусым, 2019 Әлеумет

ШҚО-ны 13 мың адам тастап кетті. Неге?

Осындай таң қалдырарлық деректі Статистика комитеті ұсынып отыр

indalaw.com

Үстіміздегі жылдың 1-сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 377 мың 525 адам тұрып жатқан. Бір жыл қорытындысымен алғанда аймақтағы тұрғындар саны 5318 адамға, 0,4 пайызға азайған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Устинка сайтына сілтеме жасап.

Статистикалық мәліметтер көрсетіп тұрған халық санының төмендеу үдерісі миграция әсерінен. ШҚО-ны 12870 адам тастап кеткен. Бірақ табиғи өсім нәтижесінде еліміздің бұл аймағы 7652 адамға қайта толықты. Қорытынды есепте облыс аймағынан тысқары кеткендер саны азайды. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындар саны бойынша Алматы, Түркістан облысы мен Алматы қаласынан кейінгі төртінші орынға ие. Шығыстағы азаматтардың 62 пайызы қалалық жерде тұрса, 38 пайызы ауылдық жерде тұрақтаған.

ШҚО-да ерлерге қарағанда әйелдер саны айтарлықтай басым. 1-сәуірдегі мәліметке сүйенсек, аймақтағы ерлер саны 657,5 мың болды. Ал нәзік жандылардың саны 720 мыңды құраған.

Облыстағы халық тығыз орналасқан қалалар ретінде Өскемен және Курчатов шаһарларының аты аталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір