• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:43:51
Алматы
+35°

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және облыстың қоғам белсенділерімен кездесті. Еркін форматтағы жиында әлеуметтік сала, денсаулық, білім, бала тәрбиесі тақырыбындағы мәселелер талқыланып, өңір үшін өзекті сұрақтар көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қойылған 42 сұрақ аймақ басшысының жіті қадағалауымен оң шешімін тапқан болатын. Қоғам белсенділері бүгінгі жиында да тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелерді ортаға салып, өз ұсыныстарын жеткізді.Кездесу

Кездесу барысында облыс әкімі қоғамдық кеңестер мен жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген бірқатар азаматтарға алғыс білдіре отырып, қозғалған мәселелер оң шешімін табу үшін жеке қадағалауына алатынын жеткізді. Сонымен қатар, кейбір ортақ сұрақтарды өңірдің қоғам белсенділерімен бірге қарастыруға әзір екендігін айтты.

Аймақ басшысы азаматтармен жүзбе жүз кездесіп, мәселемен жақын танысу мақсатында өткен жылдан бері өңірдегі 61елді-мекенді түгел аралап шыққан. Жұмыс сапары кезінде мыңдаған тұрғынмен кездесіп, 140 хаттамалық тапсырма берген. Бүгінде оның 80 нақты орындалса, қалғаны бақылауға қойылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір