• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:37:00
Алматы
+35°

Зинаида Сергеевна Санкт-Петербург қаласында 55 кг салмақ дәрежесінде қыздар арасындағы жекпе-жектен өткен додада жеңіске жетті. 37 мемлекеттен 200-ден аса үміткер бақ сынаған сайыста ол 5 жыл бойы жинаған тәжірибесін көрсетті. Жалпы, командалық есепте Қазақстан құрамасы 3 алтын медаль иеленіп, 2-орынға шыққан. Маңғыстау облысының тарихында бұрын соңды болмаған жеңісті сыйлаған ол бұл жарыстың оңай болмағанын айтады. Алғашында чехиялық қарсыласын шаң қаптырса, ирандық бақталасы да Зинаидадан жеңілген. Ал, өзбекстандық әріптесінен жеңіліс тапса, 4 ойында белорустық спортшыны жеңіп, күміс медаль тағынды.Зинаида Белоусова

«Бұл жарыс оңай болмады. Мен оған көп дайындалдым. Өзбекстандық қарсыласыммен ойын кезінде бірнеше қателіктер жіберіп алдым. Мойындаймын. Бірақ марапаттау сәтінде атым аталғанда ерекше сезімде болдым. Бақытты сәтімді алғаш рет телефон арқылы әрдайым мені қолдап жүрген анаммен бөлістім. Осы орайда, жаттықтырушым Рафик Эйвазовқа шексіз ризашылығымды білдіремін. Менің жеңісім үшін қуанып жатқан «Жас Батыр» спорт мектебі ұжымына да рахмет», - деді Зинаида Белоусова.

Қазіргі уақытта Зинаида 27-маусымда жекпе-жек сайысынан Алматы қаласында өтетін іріктеу турына және тамыз айында Германияда болатын әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде. Қыз бала үшін қаншалықты қиын болса да, болашағын осы саламен байланыстыратынын да жасырмады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір