• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:41:45
Алматы
+35°

Мамыр айында Маңғыстау облысы бойынша медициналық сақтандыру қорына 459 млн теңге шамасында жарна түскен, ал республика бойынша түскен жарна көлемі 9,5 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Маңғыстаудағы филиалы хабарлады.

-Мамыр айында Маңғыстаудан түскен қаражаттың 458 млн теңгесін – жұмыс берушілер, қалған 247 мың теңгеге жуығын  жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған, - дейді ӘМСҚ филиалы директорының орынбасары Керимбаева Жанетта Нұрбергенқызы.сактандыру

         Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Маңғыстау облысынан  жинақталған жарнаның жалпы сомасы 9,014 млрд  теңгені құрады. Ал республика бойынша  2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 176,7 млрд теңге болып отыр. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Маңғыстау облысы 7-ші орында.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізіледі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір