• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Тамыз, 21:08:08
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

10 Маусым, 2019 Саясат

Қосанов: Партия құрып, парламент сайлауына қатысамын!

Кезектен тыс президент сайлауында Әміржан Қосанов 16,02 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды

Әміржан Қосанов азаматтармен кездесу барысында өзінің билікке шақырту алғаны туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, ол жоғарыдан айтқанды орындап, бостан-бос мақтап отыра алмайтынын жеткізді.  

“Мен парламенттік авторитарлық жүйеге бармаймын!” - деді Қосанов. 

Сонымен қатар, ол партия құрып, парламент сайлауына қатысатыны туралы айтты.  

“Егер мен парламенттік сайлауға қатыспаймын десем... ол өтірік болады. Қазақта сөз бар: Арық айтып, семіз шық!” - деді Әміржан Қосанов. 

Естеріңізге сала кетейік, алдын ала болжам бойынша, кезектен тыс президент сайлауында Әміржан Қосанов 16,02 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды. Ал президент болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланады.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір