• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:47:54
Алматы
+35°

10 Маусым, 2019 NEWS

Жаңа ән: Қасым-Жомарт Кемелұлы! Өзіңіз - Темірқазық! Темірқазық! (видео)

Нағыз мемлекетшіл тұлға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа арнау-əн! Ән "Темірқазық" деп аталады.

Sputniknews.kz.

Бұған дейін Назарбаевтар отбасына жыр жазып, аты шыққан Балтабек ақын Қазақстан Республикасының жаңа Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ән арнады. Балтабек Нұрғалиев жазған мәтінге Əбдіғапар Темірханов әуенін ұсынып,  Дəурен Ташпенов оны орындап шықты.  Балтабек мырза әнді өз Facebook парақшасына жүктеді  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Темірқазық


Жүрегіміз лүпілдеп соғады,
Бəрі жақсы болады, болады. 
Басымызға бір бақыт қонады!
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз. 
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!


Кемел əке болыпты ел ері,
Әкеңіздің дарыпты өнері!
Елбасының сенімді серігі,
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз. 
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

Автор өз парақшасына жүктеген әнді құрметпен жазғанын айта кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір