• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:41:46
Алматы
+35°

11 Маусым, 2019 NEWS

ІІМ басшысының орынбасары журналистке тап берген полицейлер үшін кешірім сұрады

Бейджигі жоқ, арнайы жилеті жоқ, сондықтан шынымен де полицейлер оны ұстап әкеткен. Кім екені кейін анықталып, босатылды. Мен ішкі істер министрлігі атынан осы оқиға үшін кешірім сұраймын

LiveJournal

Журналист Шоқан Алхабаев баспасөз өкілі екенін білдіретін айрықша белгілерсіз жүріп, тәртіпсіздікті күшпен тоқтату кезінде оқиға ошағына тым қатты жақындап кеткен. Бұл жағдай үшін кешірім сұраймын, деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Ол материалдармен таныстым. Оқиға Сайран автовокзалының жанында болған. Журналист түнде баспасөз өкілі екенін білдіретін белгілерінсіз жүріп, тәртіпсіздікті күшпен тоқтату кезінде оқиға ошағына тым қатты жақындап кеткен. Бейджигі жоқ, арнайы жилеті жоқ, сондықтан шынымен де полицейлер оны ұстап әкеткен. Кім екені кейін анықталып, босатылды. Мен ішкі істер министрлігі атынан осы оқиға үшін кешірім сұраймын, бірақ бұл жерде баспасөздің де кінәсі бар. Біз журналистің журналист екенін арнайы белгілеріне қарап бірден байқауымыз керек", – деді Қожаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір