• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

11 Маусым, 2019 Саясат

Асқар Мамин: Жұмыс болса, наразылық болмайды

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасымен әлеуметтік мәселені шешуге мүмкіндік туып тұр

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы мен стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік жасалады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме бере отырып.

«9 маусым - тарихи күн, ҚР Президентін кезектен тыс сайлау өтті. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы съезінде ұсынылған үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіске жетті. Халықтың қолдауы арқасында Елбасының стратегиялық бағдарының сабақтастығы қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын толығымен жүзеге асыру - біздің ортақ міндетіміз. Оның негізінде экономика мен инфрақұрылымның тұрақты дамуы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, сонымен бірге, білім беру, денсаулық сақтауды жақсарту арқылы халықтың табысы мен өмір сапасын арттыру бар», - деп атап өтті Премьер-Министр.

Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындарын ашу «Үкіметтің  басты міндеті» болмақ.

«Жаңа жұмыс орындарын ашу жаңа өндірістердің ашылуына тікелей байланысты. Оны инвестициясыз жүзеге асыру мүмкін емес. Барлық әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары инвестицияларды тартуға, шағын және орта бизнестің дамуына барынша көңіл бөлуі қажет. Бұл жұмысты тоқтаусыз жүргізу қажет. Жұмыс болса, халықтың тұрмысы жақсарады. Демек, наразылық та болмайды деген сөз. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы мен стратегиялық міндетті тиімді жүзеге асыру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік жасалады», - деді Асқар Мамин.

Ұсынған: Бек Байтас

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір