• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:10:39
Алматы
+35°

11 Маусым, 2019 Саясат

БҰҰ Бас хатшысы Тоқаевты құттықтады

БҰҰ Бас хатшысы Тоқаевты президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтады

ҚР президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтаулар келіп түсуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

БҰҰ 8-ші Бас хатшысы, Ёнсэ университетінің жанындағы Жаһандық іс-қимылдар институтының құрметті төрағасы Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты жауапты мемлекеттік лауазымға сайлануымен шын жүректен құттықтады. Жеделхатта Мемлекет басшысының БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарған кездегі жұмыс тәжірибесі, әртүрлі мүдделі тараптарды келісімге келтіру қабілеті Қазақстанды өркендетуге септігін тигізетініне сенім білдірді. 

«Қазақстан қазіргі уақытта орнықты дамуы мен инклюзивті өсімін айқын көрсетіп келе жатқан бірегей мемлекет. Сіздің дипломатияны терең түсінетініңіз еліңіздегі мемлекеттік құрылыс пен әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта әлемнің болашағын жарқын қылу мақсатында күш-жігер біріктіріп, ынтымақтастығымызды жалғастыра бергіміз келеді», – делінген жеделхатта. 

Дайындаған: Ильдар Адильченов 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҰҰ Тоқаев Пан Ги Мун

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір