• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:43:53
Алматы
+35°

Белгілі журналист, айтыскер ақын Бақыт Жағыпарұлы наразылық шараларына қатысты азаматтарды араңдап қалмауға шақырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Біздің бар бақытымыз - Қазақстанның тәуелсіздігі, жеріміздің бүтіндігі. Ұрыс-керіс, дау-жанжалдан ештеңе өнбейді. Отан отбасынан басталады десек, әрқайсымыз өзімізді, отбасымызды ойласақ – ол Отанның болашағы. Сіз Отанның бөлшегісіз. Сіз елге, жерге керексіз. Отбасыңызға, бала-шағаңызға керексіз. Сіздің бұл қадамыңызды біреулер теріс жолға пайдаланып кетуі мүмкін. Қадірлі бауырлар, түрлі-түрлі ұйымдастырылып жатқан шерулерге бармауларыңызды өтінемін. Біздің тек қана жалғыз мақсатымыз – тәуелсіз Қазақстанның болашағы, бейбіт заманымыздың баянды болуы. Араңдап қалмаңыздар, бар қазағым – бір қазақ! Мен бәріңізді жақсы көремін, аман болайық!" - дейді видеоүндеуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір