• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 17:12:33
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

12 Маусым, 2019

Сұлтанов, Байбек, Әбдірахымовтар енді әкім емес. Әкім болмаса, кім?

Әкімнің қызметін атқарушы. Бұл - аты аталған шенділердің алдағы уақыттағы ресми лауазымы. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент шаһарларының әкімдері туралы жарлық жария болды.

Ант қабылдап, қызметіне кіріскен президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі өте салысымен бірқатар әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты жаңа қаулыны бекітемін:

1. Аталған қалалардың әкімдері жаңа басшы сайланғанша өз қызметтерін атқарсын.

2. Аталған жарлық қол қойылған уақыттан бастап күшіне енеді", - делінген ресми хабарламада.

ҚР Конституциясының 87-бабының 5-тармағы:

"Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады."

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір