• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:21:01
Алматы
+35°

13 Маусым, 2019 Тағайындау

Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды

Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитетін 2016 жылдан бері басқарады

Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген құжатта.

Кәрім Мәсімов — 1965 жылы 15 маусымда Қазақстанның Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан) дүниеге келген. 1982 жылы Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік бітірген. 1985 жылы Мәскеу қаласындағы Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды. 1988 жылы Бейжіңдегі тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мамандығы – қаржыгер, заңгер, қытайтанушы, экономика ғылымдарының докторы. Орыс, қазақ, ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген;

Әр жылдары көлік және коммуникация министрі, премьер-министрінің орынбасары, Қазақстан президентінің көмекшісі, премьер-министр қызметтерін атқарды.

2012 жылдың  қыркүйегінде Кәрім Мәсімов үкімет басшысы қызметінен кетуге арыз берді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өтінішті қабылдады. Сол күні президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

2014-2016 жылдары екінші рет Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарды. 2016 жылдың 8 қыркүйегінен Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып тағайындалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір