• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:21:53
Алматы
+35°

13 Маусым, 2019 Саясат

ІІМ заңсыз митингте қанша адам ұсталғанын айтты

Заңсыз акцияға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 957 адамды сот әкімшілік жауаптылыққа тартты, оның ішінде қамауға алынғаны - 670, айыппұлға – 115 және 172 адамға ескерту жасалды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері елдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өз сөзінде Бас прокуратураның Қызмет бастығы Сапарбек Нұрпейісов прокуратура бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушыларға еріп, митингілерге шығып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған. Нәтижесінде, үш полиция қызметкері зақымданды. Бұл ретте осы әрекеттерге жауап ретінде полиция қызметкерлері азаматтарға арнайы құралдар қолданбаған. 

Спикер азаматтардың тыныштығын қорғау үшін өрескел заң бұзушыларды полиция бөлімдеріне жеткізгендігін атап өтті. 

Заңсыз акцияға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 957 адамды сот әкімшілік жауаптылыққа тартты, оның ішінде қамауға алынғаны - 670, айыппұлға – 115 және 172 адамға ескерту жасалды. 

12 маусымда Мемлекет басшысы Бас Прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауды тапсырғанын еске саламыз. 

- Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінә деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осыған байланысты қадағалау өкілеттігі аясында прокурорлар 311 адамға қатысты сотқа қамау мерзімін төмендету туралы апелляциялық өтініш хат енгізіді және ол қанағаттандырылды. 

Бүгінде арнайы қабылдау мекемелерінде 180 адам қамауда жазасын өтеуде. 

Дайындаған: Ильдар Адильченов 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір