• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:27:05
Алматы
+35°

13 Маусым, 2019 NEWS

Өгей қыздарын қорлықта ұстап, қинаған жетісайлық әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

Жетісайда 28 жастағы әйел үш үрімдей қыздарға қорлық көрсеткен еді. Ол қорлық тәсілдерін арнайы дәптерге жазып жүрген.

ktk.kz

Жұртты іс-әрекетімен шулатқан өгей ана сот алдында жауап берді. Сот процесі Түркістанда қаралып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Отырар" cілтеме жасап.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылған. Аталмыш баптарға сәйкес ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Жетісайда 28 жастағы әйел үрімдей үш қызға қорлық көрсеткен еді. Ол қорлық тәсілдерін арнайы дәптерге жазып жүрген. Оқушы қыздардың денесіндегі соққыдан қалған іздерін байқаған мектеп ұстаздары тисті органға хабарлап, зорлық-зомбылықтың бетін ашуға септігін тигізген болатын.

Қоғамда үлкен резонанс туғызған оқиғадан кейін өгей ана шұғыл түрде үй қамағына алынды. Оның кәмелтке толмаған баласының бары сот санкциясында ескерілген. Қорлық көрген үш қыз Шымкентке арнайы оқшаулау орталығына алынған. Кезекті сот отырысы 17 маусымда өтеді деп жоспарланғанып отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір