• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:02:13
Алматы
+35°

13 Маусым, 2019 Ғылым-білім

Білім және ғылым министрі болып тағайындалған Асхат Аймағамбетов кім?

Бүгін Президенттің "Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын", - деген жарлығы шыққан болатын.

Жаңа министр Асхат Аймағамбетов туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі деректер ұсынады.

Жас министр Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Тарихшы, тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еуразия ұлттық университетінде «саяси ғылымдар» мамандығында білім алған.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Ммлекеттік университетінен бастаған.

2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған.

2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры қызметін атқарған.

2006-2012 жылдары – Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет еткен.

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі күнге дейін – Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды.

2017 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице-министр.

2019 жылдың қаңтар айынан Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2003-2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және  IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.

Асқар Мамин министрлікке жаңа басшыны таныстыру барысында: "Білім және ғылым министрлігін жаңа белестер күтіп тұр. Білім саласын жаңартып, сұранысқа ие білікті мамандарды дайындап, білім және ғылым минстрлігінің сапалы жүйесін дамыту керек. Жаңадан тағайындалып отырған Асхат Аймағамбетов білім саласында тәжірибесі бар, білікті маман", - деп атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір