• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

13 Маусым, 2019 NEWS

Мәулен Әшімбаев: Біртұтас ұлт болып қалу – біздің басты бағдарымыз

"Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен билік пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты дамыту мәселесіне назар аударды.

"Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қоғамның барлық өкілдерін диалогқа шақырып, бірігіп әрекет етсек қана мақсаттарымызға қол жеткізетінімізді қадап айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әшімбаев бұл туралы  Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының отырысында айтты.

Аталған іс-шарада Коалиция мүшелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев анықтап берген ел дамуының нақты бағыттары мен алдымызға қойған жаңа міндеттеріне қолдау білдірді.

Мәулен Әшімбаев алдымен Қазақстанның дамудың жаңа дәуіріне қадам басқанын айтты. Сондай-ақ ол елімізде болып жатқан саяси өзгерістердің заңға сәйкес екеніне назар аударды. нур отан

– Сайлауда қазақстандықтардың басым бөлігі өз дауыстарын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беріп, Елбасымыздың стратегиялық саясатының сабақтастығы мен еліміздің тұрақты дамуын таңдады. Соның нәтижесінде Қазақстанда жоғары биліктің ауысуы еліміздің барлық заңына сәйкес жүргізілді. Бұл – Қазақстанның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор, – деді ол.

Сонымен қатар "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен билік пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты дамыту мәселесіне назар аударды.

– Елімізде Президент Жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл – Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту жолында жасалған нақты қадам. Мемлекет басшысы атап өткендей, біртұтас ұлт болып қалу – біздің басты бағдарымыз. Сондықтан жұдырықтай жұмылып, қоғамның барлық өкілдерін, соның ішінде жастарды да диалогқа шақырып, бірігіп әрекет етсек қана көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз, – деді ол.

Отырысқа елдегі жетекші партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып, өз пікірлерін білдірді. Іс-шара соңында барша қазақстандықтар мен қоғамдық-саяси күштерді сайлаудан кейінгі кезеңде еліміздің стратегиялық мақсаттары жолында бірігуге, Қазақстан Президентінің ел дамуының өзекті мәселелеріне қатысты билік пен азаматтық қоғам арасында тұрақты және конструктивті диалог құру бастамасын қолдауға шақырған Үндеу қабылданды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір