• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:03:03
Алматы
+35°

13 Маусым, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Ринат Заитов: Әблязов пен Қосановқа айтарым – еркек болса, елден кешірім сұрасын

Ешқашан ешкімнен ақша да, басқа да алып,елімді алдаған емеспін. Солай болып қаламын!!! Мен халықты өзім алданған өтірікке сендіргенім үшін айыптымын. Бар кінәм сол.

Әзірге тыныштық. Маңайымдағы адамдардың қайсысы жанашыр, қайсысы арандатушы екені ептеп білініп келеді. Алатаудың алдына шыққан себебім -  Халыққа уәде бергенмін, алдансам алдыларыңа шығып кешірім сұраймын деп. Мен Қазақпын, ал қазақтың жігіттері екіжүзді болмауы керек. Сөзімде тұрдым!

Сол сәттегі жағдайды пайдаланып, ары қарай мені өз ойындарына кіргізгісі келетін арсыздарға ермеймін. Халық та ермейді, ақымақ емеспіз. Аблязовқа, Қосановқа айтарым еркек болса елден кешірім сұрасын. Ешқашан ешкімнен ақша да, басқа да алып,елімді алдаған емеспін. Солай болып қаламын!!! Мен халықты өзім алданған өтірікке сендіргенім үшін айыптымын. Бар кінәм сол. Сол үшін экранның ар жағынан емес, халықтың алдында кешірім сұрадым. Ол жасағаным қылмыс емес шығар. Ұлтым үшін туғанымды өлгенше дәлелдеп өтуге дайынмын! Тек уақыт беріңіздер. Қалғанын кейін айтайын...

Ринат Заитовтың instagram парақшасынан алынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір