• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:20:33
Алматы
+12°

13 Маусым, 2019 Саясат

Тоқаев қырғыз асты

Тоқаев өзінің Қазақстан Республикасы президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтып, жылы қабылдағанына ризашылығын білдірді.

akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуде Тоқаев өзінің Қазақстан Республикасы президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтып, жылы қабылдағанына ризашылығын білдірді.

"Ұлықтау рәсімінен кейін Бішкек қаласында кездесуіміз – жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз – сол келісімдерді жүзеге асыру", – деді Қазақстан Президенті.

Ал Сооронбай Жээнбеков Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бұдан әрі де екі елдің қарым-қатынастарының нығая түсетініне сенім білдірді.

Тараптар алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер, соның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір