• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

13 Маусым, 2019 NEWS

Елдің тыныштығы қашанда бағалы

Қазақ жастары арандап қалмасын, жамандыққа ұрынбасын деп тілейміз.

Наразылық шараларына қатысты өнер қайраткерлері де үн қосып, елдегі тыныштықты сақтауға шақырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әлібек Асқаров,  ақын: 

Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларында болып жатқан жағдайлар отандастарымызды терең толғандыруда. Бұл оқиғалар бейжай қарайтын жағдай емес. Әркез Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілейміз. Елдің тыныштығы қашанда бағалы. Кімде кім болсын, балаларымыздың, немерелеріміздің болашағы, заманы тыныш болса екен дейміз. Біз тәуел­сіздігімізді алғанымызға 28 жыл болды. Осы уақытта біз өзіміздің бостанды­ғымызға, қауіпсіздігімізге, демократияға қол жеткіздік. Ең бастысы, біз өсіп-жетілдік. 

Күнсұлу Шаяхметова, театр және кино актрисасы:

Сайлаудан кейін болған жағымсыз оқиғалар жұрттың әбігерін туғызды. Енді өткен өтті, болған іс болды. Неге мұндай оқиға орын алды? Бізді бұл сұрақ алда да талай ойландырары анық. Ендігі жерде, Қазақстан халқы бірлігімізді нығайтып, еліміздің бүгінгісі, болашағы, ұрпақтарымыздың келешегі үшін елде бірлік пен бейбіт өмір болуына біркісідей күш жұмсауымыз керек. Теқ қана өмірі бейбіт, бірлігі жарасқан елде ғана халықтың әл-ауқаты көтеріліп, алға жылжиды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір