• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:38:27
Алматы
+35°

14 Маусым, 2019 Саясат

Бақыт Сұлтанов: Бұл қалада өмір сүру қиын

Нұр-Сұлтанның экс-әкімі Сұлтанов халықтан кешірім сұрады

matritca.kz

Бүгін орынын Алтай Көлгіновке берген Нұр-Сұлтан қаласының экс-әкімі әлеуметтік желіде бас қаланың басшылығындағы тоғыз айлық қызметі туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Міне, бұл орынды тастап, келесі «шақыруға» кететін күн де келді. Тура тоғыз ай уақыт өте шығыпты. Бұл мерзімде бір бала дүниеге келеді ғой. Мен осы қызметті атқара жүріп өзім 20 жыл тұрған қалада азаматтардың жақсы жұмыс табуы, жақсы өмір сүруі қиын екенін түсіндім", - дейді экс-әкім.

Сонымен қатар, Сұлтанов әкім қызметін атқара жүріп алаяқ борышкерлердің қарызын қайтаруға, көпбалалы аналардың мәселесін шешуге, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға көмек беруге тырысқанын айтты.

"Билікті қолда дұрыс ұстасаң, кез-келген санаттағы мәселелерді шешуге болады. Тәуекел ету көп жағдайда жетістікке алып келеді. Сондықтан, мен көбіне таптаурын шешім қабылдаудан бас тарттым. Жедел шешім қабылдауға тырыстым. Егер бәрі біз қалағандай, біз ойлағандай болмай шықса, кешірім сұраймын", - деп түйді сөзін Сұлтанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір