• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 18:34:41
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

14 Маусым, 2019 Саясат

Тоқаев: Бұл – ұят! (видео)

"Әдемі сөйлеуді қысқартып, жұмыс жасаңдар!"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы жолда орналасқан кәріз жүйесінің құдықтары бірнеше баланың өмірін жалмағанын айтып, бұл жағдайды масқара деп атады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құдық қақпақтарының мәселесі – жай ғана ұят. Біз «Еуразияның астанасы» деп жүрген қалада адамдар тесікке түсіп кетіп жатыр. Және дәл осы мәселені бүкіл билік құрылымы мен қала әкімдігі бірлесіп шеше алмауда. Рас, қазір бұл мәселе біршама шешімін тапқан. Бірақ халықаралық саммиттер мен дүниежүзілік кездесулер өтетін шаһарда балалардың кәріз құдығына түсіп, қаза табуы – масқара. Әдемі сөзді азайтып, жұмысты істеу керек. Адамдар үшін", - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, 29-мамыр күні елордада кішкентай бала велосипедпен жүріп кәріз құдығына түсіп кеткен. Абырой болғанда, құдық маңынан өтіп бара жатқан адам баланы көріп қалып, құтқарып алды. Ақпан айының соңында 13 жастағы Бақдәулет Өмірхан осындай кәріз құдығына түсіп кетіп, қаза болды. осыған ұқсас адам өлімі өткен жылдың қарашасында орын алған. Ол кезде 13 жастағы Аружан Маратова кәріз құдығының құрбаны болған еді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

әділ 15 Маусым, 2019

байқайм қазақша сөйлемейді бұл кісі бізде жеткілілті шешімін таппай жем болған мәселе және тендрді елу пайызға азайту керек сияқты олардың ойы сапа емес ақша