• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:21:22
Алматы
+35°

14 Маусым, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Садриддин Ахмедов: Биліктегі ағалар, наразы халықтың өзімен емес, наразы болуының себебімен күрессеңіздер

Садриддин Ахмедов билік өкілдеріне соңғы уақытта қайта-қайта алаңға шығып жатқан наразы халықтың өзімен емес, олардың алаңға шығуының себебімен күрісуге өтініш жасады. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов билік өкілдеріне соңғы уақытта қайта-қайта алаңға шығып жатқан наразы халықтың өзімен емес, олардың алаңға шығуының себебімен күрісуге өтініш жасады.  Бұл туралы боксшы өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Шет елде жүрсек те, еліміздегі келеңсіз жайттарға біздің де жүрегімізді қынжылады. "Ерім" дейтін Ел болмаса, "Елім" дейтін Ер қайдан болсын демекші, әрқашан маған қолдау көрсетіп, ыстық ықыласы мен дұға-тілегін аямайтын xалқыммен бірге екенімді айтқым келеді. Құрметті, биліктегі ағалар наразы халықтың өзімен емес, соның себебімен күрессеңіздер деген өтінішіміз бар. 2019 жыл жастар жылы екенін ескеріп, замандастарымның болашағына балта шабылмаса екен деймін. Алла елімізді бәле-жала, кесапаттан сақтап, тәуелсіздігімізді қияметке дейін етуін тілеймін.

Айтпақшы, 29-маусымда қазағымның мерейін тағы да үстем, абыройын асқақ етуге барымды саламын. Әр қазақ менің жалғызым, аман болсын ҚАЗАҒЫМ!",  – деп жазды Ахмедов Facebook парақшасында.

21 жасатағы Садриддин Ахмедов – әуесқой бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы. Ол 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Кәсіпқой рингте сегіз жекпе-жек өткізіп, сегіз рет жеңіске жеткен. Оның жеті жекпе-жегінде мерзімінен бұрын ұтқан. Қазіргі таңда Ахмедов кәсіпқой бокстан WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы (2019) және WBC Asia  (2019) белбеуінің иегері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір