• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:15:03
Алматы
+35°

14 Маусым, 2019 Ән-күй

Сүйінші! Димаш Құдайбергеннің жеке әнжинағы жарыққа шықты

Әлем таныған қазақ өнерпазы жақсы жаңалығымен бөлісті.

Күллі әлемге өзінің ерекше дауысымен қазақты, ән өнерін танытқан Димаш Құдайберген тыңдармандарын жақсы жаңалығымен қуантты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнерпаз инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады.

"Бірер сағат бұрын жеке әнжинағым жарыққа шықты. 37 секунд ішінде жинақ платиналы атаққа ие болды. Бақыттымын. Кез келген уақытта маған қолдау көрсететін барлық тыңдармандарыма айтар алғысым шексіз. Менің жетістіктерім сіздердің арқаларыңызда" делінген жазбада.

Әнжинақта неше ән, қандай әндер бары әзірге айтылмаған. Бірақ осы жаңалықтың өзін ұзақ күткен әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары қуанып, бірнеше тілде ақжарма тілектерін жеткізіп жатыр. 

Димаш Құдайберген

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір