• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:00:44
Алматы
+35°

17 Маусым, 2015 NEWS

Бермуд үшбұрышы: Шайтандар патшалығы ма?

Бермуд үшбұрышы- таңғажайып оқиғалар орын алатын мұхиттағы аумақ.  Таңғажайыптылығы алдымен  ауа- райында болса керек. Мұнда  аспанда кәдімгі ақша бұлттан...

Бермуд үшбұрышы- таңғажайып оқиғалар орын алатын мұхиттағы аумақ.  Таңғажайыптылығы алдымен  ауа- райында болса керек. Мұнда  аспанда кәдімгі ақша бұлттан найзағай пайда болса, ал мұхитта  лезде пайда болып, сосын ғайып болатын  су құйыны болады.  Сонымен қатар мұнда  алып су иірімдері(рингтер) де бар.  Ал екінші бір таңқаларлығы  Бермуд үшбұрышына барған  немесе үшбұрыштың маңайынан өткен кез келген техника жоқ болып кетеді.  Мұнда  барған жүздеген ұшақтар  мен мыңдаған  кемелер апатқа ұшыраған.  Бұл жерге аспанда ұшып ұшақ барса да, үстімен жүзіп кеме өтсе де, аман  шықпайтын көрінеді.  Бермуд үшбұрышында  рация сияқты хабар беретін құралдар да істен шығып қалатынын айта кету керек.  Тағы да бір қызығы мұнда құлаған ұшақтар мен кемелердің қалдықтары, тіпті кеме ішінде адамдармен бірге болған  жануарлардың (ит, мысық) мәйіттері  табылғанымен, адамдардың мәйіті  жоқ. Иә, иә  адамдардың  мәйіті ізім-ғайым жоқ. Жоқ болса сонда қайда кеткен? Жалпы неге осы Бермуд ұшбұрышында осындай алабөтен оқиғалар орын алады? Адамзат орын тепкен Жер ғаламшарында орналасқан бұл мекеннің қандай құпиясы бар? Мамандардың  берген жауабы  қандай? Осы тылсым мекен  туралы дін не дейді?

І Болжам.

Теңіз табанының геодезиялық ерекшеліктеріне байланысты. Солтүстік пен Оңтүстіктен келетін мұхиттағы ағындар Бермуд үшбұрышында үлкен тұйықтықтың тууына жол ашады.  Ал осы тұйықтықтан  мұхитта қалың мүктер  қалыптасып, кемелердің қозғалысына әсер ететін көрінеді. Сонымен қатар осы мүктердің әсерінен алып толқындар көтеріліп, ұшақтарды құлатады.

ІІ Болжам.

Мұхит бетіндегі қатты ағыстар нәтижесінде үлкен ұйықтар пайда болады.  Мамандар мұндай ұйықтарды «көк құрдымдар» деп те атайды. «Көк құрдымдар» алай-дүлей ашуын көрсеткенде, жанына жуыған ұшақты да, кемені де аман қоймайтын көрінеді.

ІІІ Болжам.

Меридиан сызықтарының ерекшеліктеріне байланысты.  Мәселен, 80 меридиан сызығы Бермуд үштағаны орналасқан жерді кесіп өтіп, солтүстік полюстен өткенде, 150 меридианға айналып, Жапон аралдарының маңынан өтеді.  Жалпы, Бермуд үштағаны секілдіқұпия жер өлі теңіз аймағындағы жапон аралдары төңірегінде де бар көрінеді.  Осыған қарап мамандар кейбір меридиан сызықтарының өтетін жерлерде тылсым мекендер болатынын тіпті мұндай мекендердің саны алтыға жететінін алға тартады.

IV Болжам.

  Жүзген кемелер мен ұшқан ұшақтарды қирататын  ұшатын табақшалар дегенді айтады.

V Болжам.

Теңіз түбіндегі органикалық заттардан шығатын  метан газы теңіз суының химиялық құрамын өзгертіп, су құрамының  тығыздығын ең төменгі шамаға дейін азайтады. Нәтижесінде «метан құдығы» түзіледі.  «Метан  құдығы»  аймағына кемелер  енгенде, жүзе алмай суға батып кетеді.  Ал   теңізден әуеге көтерілген метан газы әуеде «Метан дәлізін» түзіп ұшақтардың құлауына әсер етеді.

Сонымен мамандардың  пікірін бердік. Ал енді мәселенің екінші бір жағына назар аударсақ. Бермуд үшбұрышы жайлы дін не дейді?

Islamforum.ru сайтында  осы мәселе жайлы   молла Фетуллах Гүленнің  «Призма»  атты шығармасын назарға ұсынған.  Содан кейбір мәліметтер келтіретін болсақ ...

Адамзаттың асыл тәжі ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.): « Шайтанның тағы теңіздің бетінде салтанат құрған»- деген хадисі бары белгілі.  Пайғамбарымыз ..... Пайғамбарымыз теңіз деп жалпылама атағандықтан, жер бетіндегі «кейбір теңіздердің» назарға іліккенін немесе базбір теңіздерде шайтанның тақ құрғанын ұғамыз. Сондықтан, жын мен шайтанның тайпалары мұндай мекендерге «билік жүргізіп», кемелер мен ұшақтардың электронды құралдарын істен шығарып, апатқа ұшырауына сеп болуы бек мүмкін. Жындар мен шайтандар «от» пен «түтіннен» жаратылғандықтан, күннен келетін радиациялық толқындардың төтесінен шарпығанындай, электронды құрал-жабдықтарды тас-талқан етіп, сол арқылы техникалық құрылғыны істен шығаруы да мүмкін

 Жарайды солай делік.

Ал адамдардың мәйітінің ізім-ғайым жоқ болуына не себеп?

Осы  Бермуд үшбұрышы жайлы  соңғы деректерде 90 жыл бұрынғы кеме қайтып келді дегенді айтуда. Ал одан бұрынғы дерекке сүйенсек, бұл   жерде пирамидалар табылған еді ғой.  Пирамида! Міне, қызық! Пирамидалар  табиғат апатынан пайда болмайтындығы белгілі.  Демек,  пирамиданы біреулер салған.  Олай болса мұнда ертеректе өркениет болған  болу керек. Егер өркениет болса, онда олар қазір қайда?! Кімдер болуы мүмкін?

Пирамида – Атлантида жұртшылығынікі болуы мүмкін.  Платон өзінің жазбаларында өзінің өмір сүруінен  900 жыл бұрын Атлантида  деген халықтың  болғандығын жазған. Олардың күшті табиғат апатынан жойылғандығын жазып кеткен екен.  Осы орайда  бір ойланарлық мәселе бар.

 Неге бір халық түп тамырымен жойылып кеткен?  Жаратушының рұқсатынсыз шыбынның қанаты да түспейтінін ескерсек, бүтіндей бір халықтың жойылып кетуі тегін емес. Ертеректе Жаратушының әмірірне  бой ұсынбаған халық жермек жексен болған.  Оған мысал ретінде қазіргі Өлі теңізді  келтіріуге болады. Бір кездері осы Өлі теңіз орналасқан   жерде  өркениет болғандығы, ондағы халықтың  Жаратушының әмірлеріне бой ұсынбай   опат болып, кейін  оның орнына  Өлі теңіз пайда болғандығы басылым беттерінде шыққан болатын. Ал қазір осы Өлі теңізде бірде бір тіршілік иесі өмір сүрмейтіндігі айтылады.

Осыған қарап Бермуд үшбұрышы қарғысқа ұшырыған жерлердің  бірі ме дерсің.  Осы мәселеге қатысты Фетуллах Гүлен мына деректі  алға тартады.  Сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с.) «Аллаһтың жазасына ұшыраған қауымның опат болған жеріне жоламаңдар. Барсаңдар да  жылап барыңдар»- деп ескеркені бар.  Мұның мағынасы: Опат болған қауымға барғанда Аллаһқа жалбарынып, сиыныңдар. Сол арқылы әлгі қауымның  басына келген  апаттан құтылу үшін Алладан амандық сұраңдар»- дегенге саяды.  Алла Тағала өзіне қарсы шығып, күпірлік жасап, бүлік шығарғаны үшін көптеген қауымдарды жермен жексен еткен. Кейін осындай аймақтар шайтанның  тақ құрған мекеніне айналған екен.

Мәселен, опат болған жерде орын алған алабөтен жайттарға қатысты әскери жорықтар тарихын жазған Ибн Ысқақ әдеттен тыс үрейлі оқиға туралы былай жазады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Тәбүк жорығына аттанардан бұрын: «Тәбүкке барғанда ол жердің суынан мен ішпейінше, ішуші болмаңдар және беталды кетіп қалмаңдар. Сол жердегі опат болған қауымның орнына жоламаңдар», – деп бұйырады. Алайда, әскер арасынан екі адам осы бұйрықты орындамай апатқа ұшыраған қауымның өлі жұртына бас сұғады. Барған жерде кенеттен қорқынышты қара құйын көтеріліп, әлгілердің бірін бірталай жерге дейін шыр-көбелек айналдырып, сұлатып салады. Ал, жанындағы жолдасы ұшты-күйлі жоғалып кетеді.

Осыларға қарап отырып дәл осы Бермуд үштағаны жайлы дінтанушы ғалым  Мұхиддин Исаұлының пікірін сұраған  едік. Ол кісі былай деп жауап берді. «Турасын айтсам, өз басым Бермуд  дегеннің(Бермуд үштағаны) солардың (шайтандардың , жындардың) ордасы екеніне 95% сенемін. Хадисте де соған ашық ишарат етеді. Оның үстіне жер бетіне адамдар келмей тұрып жындарды сол теңізге қарай қуғандығы айтылады.»

Ежелгі Атлантида халқының  опатқа ұшырауы , ал Бермуд үштағаны  сол Атлантида жұрты өмір сүрген аймақта орналасуы ойланарлық жайт емес пе?

Қания Табыс

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір