• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:08:55
Алматы
+35°

14 Маусым, 2019 NEWS

Жаңа Зеландияда мешітке шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындамады

Тарантқа лаңкестік пиғылмен 51 адамды өлтіріп, тағы 40 адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған.

enews.md

Жаңа Зеландиядағы мешіттерге теракт жасады деп айыпталған аустралиялық Брентон Таррант тағылған айыппен келіспеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Күдіктінің ісі бойынша сот процесі 2020 жылы 4 мамырда басталады.

Stuff ақпараты бойынша, ерекше тәртіптегі түрменің жеке камерасында отырған Тарант сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты. Ал оның айыппен келіспейтінін адвокаттар жеткізді. Тарантқа лаңкестік пиғылмен 51 адамды өлтіріп, тағы 40 адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған. 

Еске салсақ, 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласындағы екі мешітке шабуыл жасалған еді. Полиция ақпараты бойынша, сол шабуылдың салдарынан 50 адам қаза тауып, тағы 50-і зардап шеккен. Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн шабуылдың теракт екенін айтқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір