• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:16:29
Алматы
+35°

14 Маусым, 2019 Саясат

Дәурен Абаев митингтер жайлы: Бұл қалыпты жағдай

Абаев Алматыдағы оқиғалар мен жастардың колонналық маршын сараптап, ІІМ Call-center-ге қарапайым тұрғындардан жиналған қауымды тоқтатсын деп хабарласқаны туралы айтты

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев елде болған митингтер жайлы өз ойын білдірді деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

“Сайлау - халықтың саяси өмірге араласуға көмектесетін қуатты катализатор. Әрине, президент таңдау кезінде халық өз болашағын ойлайды. Сондықтан, олар сайлау нәтижелеріне бейтарап  қарай алмайды. Нәтижелер шыққаннан кейін, дәл осы энергиямен олар өздерінің эмоцияларын шығарады. Бұлар ереуіл мен наразылыққа ұласады”, - деді Абаев «Открытый диалог» бағдарламасында. 

Оның айтуынша, бұндай жағдай - жалпы әлемдік тәжірибе.  

“Ресейде, Францияда, Түркияда, АҚШ-та, Латын Америка елдерінде көшелерге он мыңдап адамдар жиналып, полициямен қақтығыс болып, қамауға алуға, кейбір мемлекеттерде бүлікке әкелетін еді. Сондықтан, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы жүздеген адам бұны төтенше жағдай деп қабылдаудың керегі жоқ. Бұл қалыпты жағдай”, - деді министр. 

Ол 9-маусым күні Бас прокуратура азаматтарға массалық шараларға қатыспауға сұрағаны туралы ескерді. 

“Бұнын барлығы сайлаудың байсалды режимде өткізу үшін жасалды. Наразылық акциялары және ақпарат сайлаушыларға қысым түсіру мүмкін. Қарапайым азамат митингке байланысты сайлауға бармай қалу мүмкін еді. Демек, оның сайлаушы құқығы шектеледі”, - деді Абаев. 

Абаев Алматыдағы оқиғалар мен жастардың колонналық маршын сараптап, ІІМ Call-center-ге қарапайым тұрғындардан жиналған қауымды тоқтатсын деп хабарласқаны туралы айтты. 

“Әрине, полиция кей кездерде жөнсіз әрекет жасаған шығар. Бірақ олар тәртіпті сақтап, көшелерге тыныштық әкелді. Шетелдік бақылаушылардың бірі өте ауқымды сөз айтқан: бізге, Қазақстанда наразылық акциясының мәдениетін көтеру керек. Онымен қоса, оған реакция қандай болу керек мәдениетін де”, деді министр. 

Дайындаған: Ильдар Адильченов 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір