• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 15:12:25
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

15 Маусым, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Марғұлан Сейсембай: Билiктегiлер әлі талай қорқытып, бопсалайды... бірақ....

Маған соқыр сенудің қажеті жоқ. Сенім - ол сіздің сыни ойлауыңызды доғару керек дегенді білдірмейді. Барлығына күмән келтіріңіз.

Белгілі инвестор, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай қоғамдық сенім кеңесін құруға байланысты айтқан пікірімен келіспейтіндерге түсініктеме берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жазды.

"Достар, менің кешегі постыма жазған комментарийлеріңізді оқып шықтым. Өкінішке орай, негізгі қалдырған жазбаларыңыз - билік бұған бармайды, негативті ойлар, мені аңқау деп тану, кепілдіктерді және т.б. талап етті. Соған байланысты түсініктеме бергім келеді.

Біріншіден, қазір билік біздiң айтқан сөзiмiзден шықпайды, айтқанның бәрiн орындайды деп ойлайтын мен соншалықты аңқау емеспін. Егер олар осы тығырықтан шығу үшiн айтылған қадамдарды жасаса, бұл өте күрделі және бағаланбайтын үдерiс болмақ. Бұл үдерiс кезiнде әлi талай келіссөз жүргізетін қатысушылары арасында түсініспеушілік пен наразылық болады. Билiктегiлер әлi талай қорқытып, бопсалайды, радикалдар бiздi талай "билiкке сатылып кеттi" деп кiнәлайды. Оған да дайын болу керек. Бұның бәрiн түсiне отырып қанша қиын болса да бұл жолдан таймау керек деп ойлаймын.

Екіншіден, олар мені де алдай алады. Мені өмірде адамдар көп рет алдады, сондықтан мен өзімді басқа тараптың ойларын оқи алатындай соншалықты мықты деп санай алмаймын.

Үшіншіден, өз ақылыңызбен өмір сүріңіз. Маған соқыр сенудің қажеті жоқ. Сенім - ол сіздің сыни ойлауыңызды доғару керек дегенді білдірмейді. Барлығына күмән келтіріңіз.

Төртіншіден, мен тек қана бәрін барынша ашық түрде жасауға уәде бере аламын және тырысамын. Мен үдерiстiң ашықтығы үшін жауап бере аламын, бірақ мен нәтижеге кепілдік бере алмаймын. Радикалды алаңға шығушыларға менiң қарсы сұрағым бар:"Сендер алаңға шығып көтерiлiс жасағанда оның қансыз өтетiнiне кепiл бере аласыңдар ма?". Сiз де, мен де бұл жағдайда ешқандай кепiл бере алмаймыз, бiрақ ендi амал әрекет жасамай отыруымыз керек пе?

Бесіншіден, мен жеңiске жетудiң мүмкіндігінiң аздығына қарамастан, бұнымен айналысамын. Мен барлық саяси өзгерістер бейбіт жолымен болуы үшін қолымнан келгенің бәрін жасаймын.

Алтыншыдан, мен де бәрін бірден болғанын қалаймын, бірақ мен реалист болғандықтан, артқа шегiнбейтiндей, бәрі біртіндеп және үдемелі түрде болғанын қалаймын.

Жетіншіден, қауіпсіздік жерде отырып, өзің ештеңе бiтiрмей, өз сөздерің үшiн және сол сөздерден кейін болатын зардаптарға жауапты болмай, ақылды да жақсы болу оңай.

Сондықтан тағы да барлық сенбейтіндерге айтатыным - сөз емес, әрекеттерге сеніңіз. Миларыңызды өшірмеңіздер. Өз-өзiңiзге пір жасамаңыз. Амал әрекет жасаңыз. Өз өміріңіз үшін жауапкершіліктi өз мойныңызға алыңыз, сонда ешқашан түңілмейсiз.

PS. Бiз бiрiншi жеңiстерден эйфориядамыз. Біз биліктің күшін қатты бағаламаймыз. Қытай соғыс өнерінде : «Дұшпандарды ешқашан жете бағаламаңыз, ал одақтастарды асыра бағаламаңыз" деген сөз бар", - деді Сейсамбай өз жазбасында.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

2 пікір

Мен қолдаймын!!! 16 Маусым, 2019

Бірлік бар жерде тірлік бар. Бірігуіміз керек

Бақан 16 Маусым, 2019

Биліктің пе халық арасына дәнекер болу- осы азаматтың қолынан келер деп үміттенеміз, қолдаймыз, әрі қиындығы мол шаруа екені де рас, табандылық, төзімділік тілеймін. Бас- басына шабатын халық пен сіресіп сартап болған билікті бір жерге жинап, ортақ мәмілеге келудің оңай болмасы анық. Бұдан басқа әділ де тура жол да жоқ. Іске сәт, қолдаймыз!