• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:04:23
Алматы
+12°

17 Маусым, 2019 Саясат

Ержан Тұрғымбай: Ринат Заитовтан бастап, барлығы жүйенің адамдары (видео)

Италиядағы оппозиционер Қанат Ислам, Генадий Головкин секілді спортшыларды да сынға алды

Youtube

Мұхтар Шаханов пен Бекболат Тілеуханға үндеу жолдап, жауап алмаған Тұрғымбай Ержан өзінің Youtube арнасына қазіргі таңда "батыр" атанып жүргендер жайлы видео жүкетеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Видеода алдымен Қазақстанда қандай оппозиция орнап тұрғаны, сайлаудан кейінгі халықтың ахуалы жайлы сөз қозғады. Содан кейін барып, болашақта қандай жағдайлар болатынын жорамалдап көрді. Оппозиционер:

"Мен қазірден бастап сіздерге әшкере қылайын. Кімнің кім екенін біліп жүріңіздер. Мен әртіс, ақын, спортшыларды зерттеп жүрмін. Жүйенің ішінде жүргендер кім екен деп. Бекболат Тілеухан, Мұхтар Шаханов соның белсенді мүшесі. Халық түсінді оппозицияның жоқ екенін. Мен де "Ұлт тағдыры" дегендерге алданып қалдым. Менен басқалар да сол партияны, Қосановты сынға алғандар өте көп. Барлық әлеуметтік желілерді қолға алған адам да бар. Мен саяси алаңда бір жыл жүріп, Қосановтың кім екенін білемін. Басқалар ұзақ жылдар жүріп, соны көрмеген дейсіздер ме? Барлығы жүйе. Қоғамның көшбасшылары деп жүрген ақындар, батырлар, әртістер барлығы сол жерде. Ринат Заитовта сол жүйеде. Қазіргі біздің батыр деп жүрген Қанат Ислам, Генадий Головкин заманауи тілмен айтқанда "черт" деуге де болады. Ертедегі батырлар ел үшін жанын құрбан еткен. Оларда мінез болса, "халыққа қарсы жұмыс істемеймін" десе де болады. Бізді дамытатын адамдар, белсенділер. Бұрынғы қолданған жалған оппозицияның тәсілдерінен басқа, жаңа тәсілді ойлап табуымыз керек",- дейді.

Халықты жинап партия ашқысы келетін Ержан Тұрғымбай қазіргі таңда Италияда жүр. Ол әр эфирін сол жақтан жүргізіп отырады. Елді бірігуге шақырған оппозиционер:

"Ұлтжандылардың басын біріктіремін",- дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір