• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:42:09
Алматы
+35°

    Кез келген мемлекеттің экономикасының негізін шағын және орта бизнес құрайды.

          Сондықтан жаңаөзендіктердің арасында кәсіпкерлікпен айналысамын деушілердің қатары жылдан-жылға көбеюде, себебі бизнесті жүргізу үшін түрлі әкімшілік кедергілер қысқаруда, кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыру үшін  салықтық жеңілдіктер заңды тұрғыда қарастырылған, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қолданысқа енгізілді, яғни бір сөзбен айтқанда жеке кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қолдауды сезінуде. Мангыстау

         Осы орайда, Маңғыстау облысында орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында қолға алынған «Нұр Капитал» жобасы өте жақсы бастама деп айтуға болады.

         Себебі «Нұр Капитал» жобасы арқылы жүздеген жаңа жұмыс орындары құрылып, өңір экономикасына жаңа серпініс беріледі. Мангыстау

         Бүгін, Жаңаөзен қаласында жеке кәсіпкер Сарыева Сәуле Сағынқызының бастамасымен «Adai Fight club» спорт клубы халықтың игілігіне тапсырылды.

         Спорт клубы заманауи спорттық құралдармен жабдықталып, аралас жекпе-жек спорт түрлерімен айналысамын деушілерге барлық жағдай жасалған. Жоспар бойынша түрлі жас шамасындағы балалардан бастап ересек азаматтарға дейін шамамен 150-ге жуық адамды тарту көзделіп отыр.  Ересектер үшін фитнес орталық құрылған. Осы жобаны іске асыруға барлығы 7,0 млн.теңге бөлінген. Клубтың ашылыуына әскери самбодан әлемнің 3-дүркін чемпионы Арман Оспанов қатысты. МангыстауМангыстау

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір