• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:27:33
Алматы
+35°

17 Маусым, 2019 Саясат

Арыстанбек Мұхамедиұлы орнынан кетті

Мәдениет және спорт министрі болып Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова тағайындалды

Жаңа Мәдениет және спорт министрін премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мәдениет және спорт министрі болып Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова тағайындалды.  

Мемлекет басшысының жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды.

Райымкұлова Ақтоты Рахметоллақызы, 1964 жылы дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «композиция» және «фортепиано» мамандықтарын (1987 ж.), «композиция» мамандығының ассистентурасын (1994 ж.) бітірді. 

Сонымен қатар Халықаралық Бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының магистратурасын (2007) тәмамдаған.  DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағының иегері. 

 1990-1991 жылдары – Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының оқытушысы. 

1991-1994 жылдары –  Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында асистентура-стажер. 

1995-2011 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, Ректор көмекшісі, доцент, профессор м. а., әлеуметтік-экономиканы ұйымдастыру жөніндегі проректоры. 

2003-2007 жылдары – Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Композиция және оркестрлік дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі. 

2005-2007 жылдары –Халықаралық Бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының магистранты. 

2007-2008 жылдары – Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Композитор және арт-менеджмент»кафедрасының меңгерушісі. 

2007-2010 жылдары – Ресей Федерациясы Үкіметіне қарасты Халық шаруашылық Халықаралық Бизнес академиясында «Совершенствование организационно-экономического механизма управления проектами в социально-культурной сфере» атты докторлық диссертацияны қорғап DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағын алды. 

2013-2014 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында Ғылыми-шығармашылық істері жөніндегі проректоры. 

2014 ж. маусым – 2014 ж. қараша – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті төраға орынбасарының м.а. 

2014-2016 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры және вице-министр қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір