18 Маусым, 2019 Спорт
Халықаралық бокс ұйымының (IBO) ресми твиттері қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын анықтау үшін сауалнама жүргізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz cайтына сілтеме жасап.
Сауалнамада орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF титулдарының иегері мексикалық Сауль Альварес бірінші орын алды. Оны дауыс берушілердің 59 пайызы таңдаған. Екінші орында орта салмақта WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андраде тұр - 20 пайыз. Одан кейінгі орындарды екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (15 пайыз) пен орта салмақта WBC "уақытша" белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарло (5 пайыз) еншіледі.
Головкин IBO титулын 2011 жылы жеңіп алған еді, оны 2018 жылдың қыркүйегіне дейін қорғап келген. Былтыр Альварестен төрешілер шешімімен жеңілген соң барлық титулынан айырылған болатын. Ал биыл 8 маусымда Нью-Йоркте DAZN стриминг сервисінде дебютін өткізіп, канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Кездесуден кейін Головкин "Канелоны" жекпе-жекке шақырған еді.
?? Who do you want to see Gennady Golovkin fight next ⁉️
— IBOBoxing (@IBOBoxing) 14 июня 2019 г.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір