• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 18:10:22
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

18 Маусым, 2019

Экс-президент сот залында көз жұмды

Сот залында инфаркттан көз жұмған.

Египеттің бұрынғы президенті әрі "Мұсылман бауырлар" ислам ұйымының лидері Мохаммед Мурси сот залында инфаркттан көз жұмған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегін негізге алып. 

2015 жылдың сәуір айында Мурси наразылық білдіргендерді қамап, азаптау жөнінде бұйрық берді деген айыппен 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол кезде оны палестиндік радикалды ХАМАС және ливандық "Хезболла" ұйымымен байланысы бар деп айыптаған.

Мохаммед Мурси 2012 жылы Египет тарыхында бірінші рет сол кездегі президент Хосни Мубаракты орнынан кетірген "араб көктемі" оқиғасынан кейін ашық сайлауда жеңіске жеткен. 2013 жылдың шілде айында Гипет қарулы күші Мурсиді биліктен аластатты. Одан кейін елді Абдул-Фаттах ас-Сиси басқарып, "Мұсылман бауырларды" террористік ұйым деп таныды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір