• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 14:53:19
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Маусым, 2019

Алматылық "таксист" екі баласы бар ананы өлтірді

Қаза тапқан Батура Махмедова үйіне небәрі бірнеше жүз метр ғана жете алмай қалған. Таксиге отырған әйелдің бұл соңғы аялдамасы екен. Тағдыр жазуы...

Tengrinews.kz

Алматылық такси жүргізушісі екі баланың анасын азаптан өлтірген. Туыстарының айтуынша, әйелдің құрбан болуына алтын әшекейлері мен 20 мың теңгесі себеп болған секілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

40 жастағы екі баланың анасына такси жүргізушісі көлікте шабуыл жасаған. Жүргізушінің жанындағы серіктес әйел де екі баланың анасын өлтіруге көмектесіпті.

Алдыңғы орынға отырған Батура Махмедованы артқы орындағы әйел  қатты затпен басынан ұрады. Сол кезде жүргізуші де пышақпен оның бетінен, мойынынан ұрған. Жасаған қылмыстарын жасырмақ оймен күдіктілер мәйітті Береке ауылына жақын маңға көміпті.

Батураның жоғалып кеткеніне 3 апта уақыт өтсе де, оның балалары мен туыстары аман-есен оралады деп сенгендерін айтады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір