• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 03:27:25
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Маусым, 2019 Атырау облысы

Атыраулық спортшылар жеңіспен оралды

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау вокзалында бір топ атыраулық спортшыларды күтіп алды

Щучинск қаласында өткен баскетболдан ерлер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиада ойындары өткен болатын. Төрт жылда бір рет өтетін бұл сайыста облыс құрамасы қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында спортшыларымыз қола жүлдегер атанды. Атыраулық спортшылар
Қостанай қаласында өткен муай-тайдан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, онда жерлестеріміз 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді қанжығаларына байлап, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.
Ал, Петропавл қаласында өткен Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша федерация Кубогінде Атырау облысы құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізді. Атыраулық спортшылар
Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев барша спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі Тараз және Петропавл қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен келген 24 оқушыны күтіп алды. Оқушылар бір аптаның ішінде облысымыздағы тарихи жерлер мен нысандарды аралап, танысатын болады. Атыраулық спортшыларАтыраулық спортшыларАтыраулық спортшыларАтыраулық спортшылар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір