19 Маусым, 2019 Тәлім мен тәрбие
Кайдзен – жетістікке жетудің ең тиімді жолы
Өзіңізге көңіліңіз толмай жатса, өзіңізді сөкпеңіз, жүйеңізді дұрыстауды ойлаңыз. Ал ең дұрыс жүйе - жапондық жүйе кайдзен
Кайдзен жүйесін ойлап тапқан жапон халқы бұл жүйені "кішкентай қадамдар арқылы үздіксіз дамып, үлкен жетістіктерге жету" деп түсіндіреді. "1000 мильдік жол бірінші қадамнан басталады" деп Лао Цзы айтпақшы сол бірінші қадамды жасамағандықтан көп ісіңіздің тоқтап тұруы бек мүмкін.
Кайдзен жүйесі білгірлерінің айтуынша, кішкентай қадамға немқұрайлы қармау керек. Өйткені, бәрі сол кішкентай қадамнан басталады. Сондықтан, үлкен арманға жеткіңіз келсе, кішкентай қамнан бастағаныңыз абзалырақ.
Кайдзен қағидаларын тәжірибеде қолданып жүрген Данияр Жігітбек: "Кайдзенде "құндылық", "пайдалы әрекет" және "ысырап" деген ұғымдар бар. Құндылық тек пайдалы әрекетпен келеді. Қалғаны - ысырап. Негізгі мақсат: ысырапты барынша азайтып, тек пайдалы әрекетті ғана істеу" дейді.
⠀
Ысырапты азайту үшін маман мынадай қарапайым мысалдар келтіреді.
"Сіз бөлмеңізде кітап оқып отырсыз. Кенет су ішкіңіз келді. Шөліңіздің қандыру - сіз үшін "құндылық". Енді сол құндылыққа жеткізетін әрекеттер тізбегін жазып шығайық.
⠀
1. Ас үйге барасыз.
2. Шкафты ашасыз.
3. Су ішетін стақаныңызды іздейсіз.
4. Стақанды аласыз.
5. Диспенсерге барасыз.
6. Қажетті мөлшерде су құйып аласыз.
7. Су ішесіз.
⠀
Жоғарыдағы 7 әрекеттің соңғысы ғана пайдалы, яғни сізге қажет құндылыққа жеткізеді. Қалғаны - ысырап. Бұл әрекеттерді күніне бір емес, бірнеше рет қайталауыңыз да мүмкін ғой. Кайдзен бойынша, пайдалы әрекетті ғана қалдырып, ысырапты азайтудың жолын ойлау керек. Шешім: бөтелкеге су құйып ап, бөлмеңізге бірге ала бару. Оның өзі қақпағын ашуды қажет етпейтін түтікшелі бөтелке болса, тіпті керемет. Шөлдегенде бірден іше қоясыз.
⠀
Тағы бір мысал. Мен жұмысқа киіп баратын киімдерді алдын ала дайындап қоямын. Көзге көрінетін жерде бәрі жинақы боп тұрады. Таңертең ойланбай кием де кете берем. Кешке үйге келгенде тазалығын бір тексеріп, қайтадан сол жерге іліп қоямын. Пайдалы әрекет: киімді кию. Қалғаны - ысырап", – дейді Данияр Жігітбек.
⠀
Кайдзен жайлы жапондық маман Масааки Имаи "өндірістің өнімділігі 95% жүйеге (система) және 5% адамға байланысты" деген. Яғни, жүйе дұрыс болса, адамдар да дұрыс әрекет етеді. Сондықтан өзіңізге көңіліңіз толмай жатса, өзіңізді сөкпеңіз, жүйеңізді дұрыстауды ойлаңыз. Ал ең дұрыс жүйе - жапондық жүйе кайдзен. Бұл дәлелденген...
Оқи отырыңыз:
♦ Кайдзен әдісі: бала тәрбиесіндегі жетістікке жетелейтін жетілік
♦Қызметкерін жұмыстан қумайтын жапондық жүйе — кайдзен
♦Құмар Мұсаев: Кайдзенді Қазақстанға алып келген Марғұлан Сейсембай
♦Ғани Байғалиұлы: Кайдзен - Ислам діні сияқты жүйе
♦Нұрғали Қанатұлы: Біз қазаққа кайдзеннің жат емес екенін дәлелдедік
♦Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
♦Кайдзен орталығына кірдің – ғажайыпқа сапар шектің
♦ Кайдзеннің 6 қағидасы. Жапондар өмірін қалай жеңілдетті?
⠀
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір