• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:44:05
Алматы
+35°

19 Маусым, 2019 Саясат

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентті Алматы және Нұр-Сұлтанмен салыстырды

Қала әкімінің айтуынша, тұрғындарының арқасында Шымкент әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғыдан дамыды

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз қаласын елдің екі мегаполисі Нұр-Сұлтан мен Алматымен салыстырды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қала әкімінің айтуынша, тұрғындарының арқасында Шымкент әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғыдан дамыды. 

“ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент еліміздегі үшінші мегаполис атанды. Осылайша Шымкент дамудың жаңа сатысына қадам басты”, - деді қала әкімі. 

Әкім елдің үш мегаполисі туралы өз ойын білдірді. 

"Елбасы «Болашақ – миллионды қалалардың қолында» деп мәлімдеген еді. Міне, сүйікті Шымкентіміз сондай қалаға айналып келеді. Үшінші мегаполис «ақылды», «жасыл» әрі қауіпсіз қала атанады. Шымкент жаңа идеялар халқымыздың дәстүрімен қатар дамып, өткенін ұмытпайтын, сонымен қоса жаңа технологияларға ұмтылатын тұрғындар қаласына айналды. Даму сатысы бойынша қаламыз Нұр-Сұлтан мен Алматыға жақындады. Мың жылдық тарихы бар қала инвестиция, жоғары ғылым және өнеркәсіптің орталығына айналады", - деді Әбдірахымов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір