• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 14:57:17
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Маусым, 2019 Атырау облысы

Атырауда алғаш рет арбада билеуден ел чемпионаты өтті (+ФОТО)

Атырауда алғаш рет өткен парабиден (арбадағы би) ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен 26 жұп қатысып, “Атырау” дене шынықтыру кешенінде өнер көрсетті. Сөйтіп, дүйім жұрттың алдында мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, құлшыныстары шексіз екенін тағы бір рет дәлелдегендей болды. арбада билеу

Расымен де, би – қамкөңіл жандар үшін таптырмас мүмкіндік. Сол би арқылы олар көпшілік назарын өздеріне аудартып, қоғамға қажет екендіктерін, әр қадам сайын кездесетін қызықтар мен қиындықтарды барынша жеткізе алды. арбада билеу

Сондай-ақ, чемпионат аясында халықаралық би спорты бойынша «ЕврАзия-2019» турнирі ұйымдастырылды. Осы орайда, қос шараны да «Аэлита» би клубы өткізіп отырғанын айта кеткен жөн.

 арбада билеу

Жарыс қорытындысымен түрлі номинациялар өз жеңімпаздарын тапты. Оларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

– Әр түрлі өңірлерде осындай жарыс өткізу арқылы ерекшке қажеттіліктері бар адамдарды оңалтуға болады. Бұл ҚР Тұңғыш Президентінің кедергісіз орта құру туралы тапсырмасының мониторингі болып табылады. Халықаралық турнирге қатысу үшін ең жақсы параспортшылар іріктелініп алынды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға көп көңіл бөлу керек. Облыстық және қалалық деңгейде спорттық биді дамыту қажет. Осындай жарысты өткізу мұнайлы астанамыздың тарихында маңызды іс-шара болатынына сенім мол. Бұл жергілікті мәдениет саласы мен спорттық бидің дамуына оң әсер етпек, – дейді ұйымдастырушылар. арбада билеуарбада билеуарбада билеуарбада билеуарбада билеуарбада билеуарбада билеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір