• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Тамыз, 18:40:15
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

19 Маусым, 2019 Маңғыстау облысы

2020 жылы өңірде кәсіби спортшылар жаттығатын кешен ашылады

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту аясында  Маңғыстау облысы бойынша 40 тан астам жоба ұсынылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысының индустриялық –инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Амангүл Бегиева мәлімдеді.

Бұл бағдарлама аясында Үкімет өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені саласындағы басым жобаларды 2018-2020 жылдар аралығында қолдау бағытында 600 млрд тенге қарастырып отыр. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға 400 млрд теңге бөлінген. Бұл несиелеу бағдарламасына негізінен жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өнеркәсібі, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі сондай-ақ, құрылыс материалдарын өндіретін және туризм, білім саласы, көлік және логистика саласындағы қызмет түрлерін қамтитын жобалармен  барлық бизнес субъектілері қатыса алады. Жоба аталған салаларды дамыту мәселесіне қатысты, соның ішінде жүйелік деңгейдегі, орталық және жергілікті деңгейдегі бірқатар іс-шараларды қамтитын 9 тараудан тұрады. «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі үкімет тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы негізінде құрылған жобалық кеңседе тиісті іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі таңда  екінші деңгейдегі банктермен жалпы сомасы 3,0 млрд.теңгеге 9 жоба, оның ішінде 2,46 млрд. теңге болатын 7 жобаны  «Даму» қоры  мақұлдап отыр. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Гүлжан Қалымбетованың айтуынша, жалпы сомасы 2,20 млрд.теңге құрайтын 5 жобаны субсидиялау туралы келісімге қол қойылған және де 20 млн.теңге сомасында несие бойынша 1 жоба, 10 млн.теңге немесе несиенің 50%-ына  кепілдеме алған. Соның ішінде, өңіріміздегі өңдеу өнеркәсібіндегі азотты минералды тыңайтқыштар өндіретін ірі кәсіпорын «КазАзот» АҚ - да осы бағдарлама аясында несие алуға қолдау тапқан. Аталған салаларда бизнестерін бастауға ниетті азаматтар толық ақпаратты «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан және екінші деңгейлі банктерден ала алады.

Айта кететін бір жәйт, осы жобаның арқасында кәсіби спортшыларды дайындайтын спорт-сауықтыру кешені ашылатын болды. Кәсіпкердің құны 100 млн теңге тұратын ұсынысын «FORTE BANK» мақұлдап, кешен 2020 жылдың мамыр айында ашылады деп жоспарлануда.

«Бұл дегеніміз, кәсіби спортшылар үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені, олар жаттығу үшін шетел аспай, өз елімізде дайындалып, олимпиада ойындарына қатыса алады» , - деді «FORTE BANK» АҚ МО бойынша филиал директоры Аббат  Өрісбаев.

Ал, енді  «Қарапайым заттар экономикасының» басқа жобалардың артықшылығына тоқталсақ. Біріншіден, кәсіпкер қандай сомада несие алам десе де шектеу жоқ. Екіншіден, несиенің 50 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры субсидиялап, 5 млрд теңгеге дейін несиеге кепіл бола алады. Мамандардың  айтуынша, аталған жобаны құруда Қазақстанның ұтатын тұсы көп. Өйткені, бізде өзімізден шығатын сапалы әрі арзан шикізат мол және еліміздің энергия қоры бар. Сондай-ақ, басқа елдермен салыстырғанда бізде арзан жұмыс күші де жоқ емес. Киер киім, жатар орын, ішер тамақ. Міне осылар өзімізде өндірілсе, табысы да пайдасы да өзімізге. Қарапайым заттар экономикасы дегеніміз осы. Түптеп келгенде бұл ұлттық қауіпсіздік үшін қажет.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір