• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 15:14:38
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

19 Маусым, 2019 Саясат

Еуропа қазақтарының Тоқаевқа хаты: Мұның арты жақсылыққа әкелiп соқпайды

Сiз 15 жылдан аса БҰҰ-да қызмет атқардыңыз, бүкiл дүние жүзiнде бостандық, демократия, адам баласының құқығын сақтау, адам баласының ойын тыңдау деген ұғымдар Сiз үшiн бос сөз емес екенiн бiлемiз.

Еуропа қазақтары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. "Европадағы Қазақ қауымының атынан Қазақ Президентiне ашық хат" деп басталатын хат Серік Тұрсын есімді Facebook қолданушысының парақшасында жарияланды.

Хат мәтіні әлеуметтік желіде 14-маусым күні жарияланғанымен, хатты авторлар Қазақстанның Еуропа елдеріндегі елшіліктеріне 18-маусымнан бастап жібере бастапты.

"Құрметтi Тоқаев мырза, Европа елдерiнде тұрып жатқан қазақ қауымы Сiздi Қазақ Елiнiң Президентi болып сайланғаныңызбен шын жүректен құттықтай отырып, алыста жүреген 5 млн. қазақтың жанына батып жатқан кешегi Елiмiздегi уақиғаға көңiл аударуыңызды талап еткiмiз келедi.

Сiз 15 жылдан аса БҰҰ-да қызмет атқардыңыз, бүкiл дүние жүзiнде бостандық, демократия, адам баласының құқығын сақтау, адам баласының ойын тыңдау деген ұғымдар Сiз үшiн бос сөз емес екенiн бiлемiз.

Мұның арты жақсылыққа әкелiп соқпайды, қантөгiстi ешкiм қолдамайды, бiрақ халықтың төзiмiнiң де шегi бар, оны бүгiн түсiнген жөн, ертең кеш болады.

Шетте жүрген 5 млн. қазақ бiрiншi қазақ халқымен бiрге, содан кейiн Сiзбен бiрге. Осы тығырықтан шығу жолында бiз қол үшiн созып, көмек көрсетуге дайынбыз", - делінген ашық хатта.

Оқи отырыңыз: 

Біләл Қуаныш. Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат! Босаға мықты болсын десек...

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

10 пікір

зеинел турсын 19 Маусым, 2019

керемет аиналаиын ағаларым қаидажурседе елын үмтпаитын ын ескерткенне рақымет әрине әрқазақ беи жаи қарамаукерек атабабамыздың аманаты әрқазақтың моинда

зеинел турсын 19 Маусым, 2019

аиналаин ағаларым шетте журседе елын оилаған алла риза босын қаидажурсеңдер аманбол

Кадр 20 Маусым, 2019

Токаевка казак сенiп жатыр,тарбие корген,орыс мектебiн бiтiрседе казактын исi бар! Казакты лактырмас,казак лактыруга жол бермес!

Забира 20 Маусым, 2019

Жолданған хаттағы талаптарды мен де қолдаймын.Қ.Тоқаевтың қазақ халқына жақсылық жасайтынына шүбəм жоқ,үлкен алапат дауылдарға ешкім де ештеңе де тойтарыс берген емес,халық болмаса президент те жоқ!

Сауле 20 Маусым, 2019

Қатты толқыдым! Жалғыз үміт Қосанов сатып кеткенде шарасын күй кештік Аллаға тәубә қалың елім аман болсын! Шеттегі қагдастарыма қаттты разымыз! Рахмет!