• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 23:07:45
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

19 Маусым, 2019 Спорт

Қазақстанда бір футболшы 1222 ананың жәрдемақысын алып жүр

Чемпиондар Лигасы елордалық команданың ойыншыларының табысына айналып кеткендей...

"Астана" футбол клубының бұрынғы шабуылшысы, қазіргі уақытта румыниялық "Астра" клубының жейдесін киіп жүрген Аздрен Ллулаку бірқатар беймәлім жайттардың бетін ашты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Шетелдік ойыншылар айына шамамен 60 мың еуро табыс табады. Жүлделі орын мен Чемпиондар Лигасы кезінде табыс көлемі арта береді. Чемпиондар Лигасына қатысқаны үшін әр ойыншы 100 мың еуродан алады. Ал әрбір жеңіс сайын 15 мың еуро сыйақы төлейді", - деді 31 жастағы футболшы.

Еске сала кетейік, Ллулаку 2016 жылы "Астана" футбол клубымен екі жылдық келісімшарт жасасқан. 17 ойында алаңға шығып, небәрі 1 гол соққан. 2017 жылы "Тобыл" командасына жалға берілген. Бірақ албаниялық футболшы қостанайлық клубта 13 рет алаңға шығып, бірде-бір рет гол соқпады.

Ллулакудың мәліметіне сүйенсек, айына бір шетелдік ойыншы шамамен 25 680 000 жалақы алады. Көпбалалы аналардың дауға айналған жәрдемақысы - айына 21 мың теңге. Егер футболшы жалақысын аналардың жәрдемақысына бөлсек, 1222 деген цифр шығады. Бұл - бір футболшы мыңнан астам ананың жәрдемақысын жалғыз өзі қалтаға басып жүр деген сөз. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір