• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:07:11
Алматы
+35°

11 Маусым, 2019 Саясат

Құқықтық саясат тұжырымдамасы не үшін қажет?

Қазақстанда күні бүгінге дейін құқықтық реформалар жасалынып келді. Қазіргі уақытта бұл жемісін де беріп жатыр. Нәтижесі де жоқ емес, бар. Ең бастысы, Қазақстан қоғамы құқықтық сауаттылық тек қана адамның өзіне байланысты екенін түсініп келеді. Әрине, мемлекет адамның құқы, өмір сүру бостандығына қатысты қажетті барлық заң тетіктерін жасайды. Кепілдігін береді.

 

Бірақ демократиялық құқықтық қоғамның іргетасының нық болуы кез келген Қазақстан азаматына қатысты болып отыр. Десек те, бір нәрсені атап өткеніміз жөн. Заң мен бағдарлама бір немесе үш жылға арналып жасалмайды. Ол – адам баласының қоғамда тәртіп бұзбай өмір сүруінің кепілі. Сондықтан мемлекетте ең алдымен азаматтар АтаЗаңға сүйенеді. Екіншіден, қоғамда адам баласы үшін заңдық тетіктер жасалынады. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Президенттің Құқықтық саясат тұжырымдамасының орны үлкен.  Оның мақсат-міндеттері қандай? Қандай себеп қажет болды? Енді осы мәселелерді саралап көрелік. Атап айтар болсақ,

    1.Бұл тұжырымдама құқық қорғау мен сот, салық жүйесін дамыту үшін керек.

  1. Құқықтық-демократиялық қоғам құру үшін қажет.
  2. Сондықтан заңның жаңарту және, қолданыстағы заңды нығайту, сондай-ақ оның сапасын арттыру өзекті болды.
  3. 2002 жылғы ескі тұжырымдама өзіне жүктел­ген міндеттерді толығымен атқарып, өз миссиясын орындады. Сондықтан қоғамды алға ілгерілету үшін жаңа тұжырымдама керек болды.
  4. 2010 жылдарға дейін қолданыста болған заңнама арқылы тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізі қаланды.
  5. Сондықтан 2010 жылдан бастап, Ұлттық заңнаманы әлемдік стандартқа сай ету басты міндет болды.

Әрине, қоғамда барлық нәрсе өзгереді. Өзгермейтін нәрсе жоқ. Сондықтан ең алдымен әлемдік стандартқа сай Қазақстанның да заңнамаларын ізгілендіруді еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіне қойды. Содан бастап құқық қорғау саласында реформа басталды. Заңның орнығып тұрақты қолданысқа енуі үшін оны он жылға арнап бір-ақ жасау қажет болды. Қазақ қоғамында заң, қылмыстық жазалар ізгіленді, өлім жазасы алынып тасталынды.

Осы орайда бір сауал туады; Құқықтық саясат тұжырымдамасы не үшін қажет? Оның бірсыпырасын жоғарыда айтып өттік. Сонымен қатар, құқықтық сала мен сот жүйесін жетілдіруді күн тәртібінде тұрды. Әрине, мұның барлығы бір күнде пайда бола қойған жоқ. заман талабына орай қабылданды. Бұл бір. Екіншіден, осындай он жылға арналған стратегиялық құжатты бекітіп, қол қойған кезде Елбасы мемлекеттің заңдық тұрғыда іргесі бекіп, келешегінің көркеюін ойлағаны анық.

Бәрінен де бұрын жалпы мемлекет пен оның азаматтарының игілігін көздегенін де жоққа шығара алмаймыз.

Бұл жерде мына мәселеге де көңіл аударған дұрыс. Сонау 2010 жылы халыққа арнаған Жолдауында Елбасы «алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту» деп атап өткені белгілі. Жалпы құқықтық саясат тұжырымдамасының өзі Негізгі заңнан, яғни,Конституциядан алынғанын атап өту керек.

Ал  біз сөз етіп отырған тұжырымдама не үшін қажет?

Біріншіден, еліміздегі  ұлттық татулықты бұзбау, қайта нығайту;

Екіншіден,  көпұлтты Қазақстанның ынтымағын паш ету;

Үшіншіден, елдің құқықтық мәдениетін қалыптастыру;  

Төртіншіден, ұлттық сананы  құқықтық мүмкіндігін арттыру;

Бесіншіден, қоғамда толыққанды құқықтық тәртіп орнату;

Алтыншыдан,  халықтың құқықтық мәдениетін көтеріп, құқықтық мемлекет қалыптастыру;

Жетіншіден, азаматтарға қабылданып жатқан заңдарды тереңірек түсіндіру.

Әрине қазіргі кезде Қазақстан құқықтық реформалар кезеңінде тұр. Елбасының нұсқауымен бүгінгі таңда қылмыстық жазаны ізгілендіру тұрғысында көп нәрселер жүзеге асырылуда. Сарапшылар мен заңгерлер атап өткендей, бүгінгі таңда 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы қылмыстық әрекеттердің азаюына оң ықпалын тигізуде.  Ал қабылданған заңдар өміршең болу үшін не істеу керек?

  1. Оның, атап айтқанда заңның орындалуына әрбір адам атсалысуы тиіс.
  2. Заң талабына қарсы келуге болмайды. Барлық іс-әрекеттер заң аясында жүзеге асуы тиіс.
  3. Заңнама жүйесі арқылы халықтың құқықтық мәдениетін дамыту қажет.
  4. Ол үшін ұлттық сана ішкі және сыртқы фактордағы қауіптен ада болғаны дұрыс.
  5. Өз заңын құрмет тұтқан азамат елін де құрметтей алады.

Құқықтық реформа қоғамның тұрақты дамуы үшін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін керек. Заңға, Конституцияға арқа сүйеп отырып қана адам өзін  қорғай алады. Демек, қорғаушың –АтаЗаң, қолдаушың  – ар иманың десек болады. Өйткені заңды сыйлаған адам өзін қор санамайды, қылмысқа бармайды. Ал адамның құқықтық сауаттылығын арттыру үшін  адвокат болып жұмыс істеудің қажеті жоқ. Оның барлығы өзіңнің құқықтық мәдениетіңе байланысты дер едік.

Бек Байтас

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір