• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 15:33:49
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Маусым, 2019 NEWS

Депутаттардан тың ұсыныс: "Зейнет жасын төмендету керек"

Біз мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынамыз. Сондай-ақ, ата-ананың біреуін жұмыстан ерте жіберу мәселесін қарастырған жөн. Себебі мүгедек балаға тәулік бойы қарау қажет.

parlam.kz

"Халық коммунистері" фракциясының депутаттары мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, осы санаттағы отбасыларға арнайы мәртебе беру керек. Сөйтіп, зейнет жасын төмендетіп, жұмыс істейтін ата-аналарға тағы бірқатар жеңілдік берген дұрыс.

"Біз мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынамыз. Сондай-ақ, ата-ананың біреуін жұмыстан ерте жіберу мәселесін қарастырған жөн. Себебі мүгедек балаға тәулік бойы қарау қажет. Оған біраз күш-жігер кетеді. Психологиялық жүктеме де аз емес", - деді Магеррамов мәжілістің жалпы отырысында.

Фракция депутаттары қамқоршылықты рәсімдеу тәртібін де жеңілдету керек деп санайды. Өйткені қазіргі кезде бұл процедураларға 9 айға дейін кетеді. Осы уақыттың ішінде ешқандай қаржылай көмек берілмейді. Ондайда толық емес отбасылар қатты қиналады.

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 2027 жылға дейін біртіндеп 63 жасқа дейін ұлғайту жоспарланған. Дегенмен, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар.

Мәселен, бес және одан көп баласы бар әйелдер 53 жаста зейнетке шыға алады. Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста зейнетке шығуға рұқсат бар.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір