• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 14:44:40
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

20 Маусым, 2019 NEWS

ҰБТ-2019: Жаңа министр жас түлектерге сәттілік тіледі

Бүгін балалардың көңіл-күйі жақсы. Барлығы өте көңілді. ҰБТ олар үшін қалыпты жағдай.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жас түлектермен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
 
Министр Нұр-Сұлтан қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде сынақ тапсыратын түлектердің алғашқы легін қарсы алып, түлектерге сәттілік тіледі.  

кпи

"Бүгін балалардың көңіл-күйі жақсы. Барлығы өте көңілді. Себебі, оқушылар осыған дейін бірнеше рет ҰБТ өткізілетін орындарда дәл осындай тексерістермен, интернет бұғаттаушы құрылғылармен тест тапсырып көрді. Сондықтан, бұл олар үшін қалыпты жағдай.", - деді министр.

нгь

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда 117 242 түлек ҰБТ тапсырады. Осы орайда Асхат Аймағамбетов мемлекеттен қанша грант бөлінгенін айтып өтті.

"Өткен жылы гранттар саны өсті. Биыл да өсу тенденциясы сақталды. Осы жылы 53 мың мемлекеттік грант бакалавриатқа бөлінді. Бұл балаларымыздың білім алуына, жоғары оқу орнына түсуіне үлкен мүмкіндік береді", - деді білім министрі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір