• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:25:52
Алматы
+35°

20 Маусым, 2019 NEWS

Нұр-Сұлтан маңында ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапқан, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл мәліметті ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады.

"20 маусымда шамамен сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістікте химиялық өңдеу жүргізу кезінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады", - деді Нұрахметов.

Ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапқан, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, осы дерек бойынша тергеу жүргізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір