• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
08 Желтоқсан, 19:33:14
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Маусым, 2019 Заң

Зияткерлік меншік: Сіздің еңбегіңізді заң қорғайды

«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында" зияткерлік меншікке арнайы тоқталған. Оның да себебі бар. Өйткені қазіргі уақытта мемлекет тарапынан зияткерлік меншікке көп көңіл бөлінуде.

Қазақстандағы заңнамалардың бір шоғыры осы зияткерлік меншікке арналғанын айта кетейік. Тіпті Әділет министрлігінің осы салаға қатысты әрі оны бақылайтын арнайы департаменті де бар. Құқықтық саясат тұжырымдамасында зияткерлік меншікке арнайы тоқталған тарау бар. Өйткені өнер саласындағы кез келген адам, әнші, сазгер композитор болсын, өз туындысының иегері болып табылады. Демек, қарапайым тілмен айтқанда, ол өз туындысының иегері. Демек, ол өз туындысынан  табыс тауып отыр. Ал оны заңдастырмаса болмайды. Сондықтан да тұжырымдамада  авторлық құқықты қорғауға барынша мән бөрілген және мұның барлығы ашық атап көрсетілген. Дұрыс-ақ.

Рас, қазір нарықтық экономика дамып келеді. Әр салада өнертапқыш жобалар жүзеге асып жатыр. Сондықтан мұның барлығын да заңдық тұрғыдан қолдау керек. АҚШ-тың атақты композиторы Б. Шерманның мынандай қанатты сөзі бар:«Белгілі бір мемлекетте шығармашылық тұлға қандай құрметке ие болатынын білудің ең оңай тәсілі осы мемлекеттің авторлық құқық туралы заңнамасымен  танысу».

Қазақстан Республикасында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» туралы арнайы заң бар. 1996 жылы қабылданған бұл заңнан басқа да құқықтық нормативтік ережелер мен қосымша заңдар қабылданған.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан әлемдік зияткерлік саладан тыс қала алмайды. Бұл саладағы заңдар әлемдік стандартқа сай екенін айта кеткен жөн.

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде  дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына мүше. Негізі зияткерлік туынды әр азаматтың жеке меншігі болып табылатындықтан ол заңмен қорғалады. Меншік иелерінің бар мүлкі мен еңбегі және туындысы  Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитетінде тіркелген. Сондтан ешнәрсе де иесіз емес.

Жалпы зияткерлік меншікке не жатады?

Біріншіден, адамның ой-еңбегімен жасалған жобасы;

Екіншіден, әдеби және драмалық туындылар;

Үшіншіден, өндірісшінің немесе жеке кәсіпкердің өзі ойлап, өндірген тауары.

Жалпы қарапайым оқырман осы арада мына бір нәрсені түсіне білуі керек. Атап айтсақ, меншіктің өзі екіге бөлінеді. Әділет министрлігінің баспасөз қызметін алған деректеріміз бойынша олар авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік болады екен. Авторлық құқыққа өнер адамдарының барлық шығармалары жатады. Тіпті фотографтың түсірген суретіне дейін. Демек, автор өз туындыларынан табыс табьады. Орасан зор қаржы болмаса да, орындалған туындыларынан оған белгілі бір деңгейде қаламақы түсіп тұрады. Ал өнеркәсіптік меншікке өнертапқыштың өзі жасаған туындылары, тауар таңбалары кіреді екен. Өнертапқыш азамат Әділет министрлігінің арнаулы департаментіне жобасын тіркеп, мақұлдағаннан кейін арнайы патент алады. Егер оның туындысы өндірісте қолданылып жатса, оған да белгілі бір деңгейде табыс түсіп отырады.

Жалпы зияткерлік меншікке бүкіл әлем барынша мән береді. Өйткені келешекте бұл осы саладағы азаматтардың тұрмысының деңгейін анықтайтын, қаржы түсіп тұратын маңызды жүйеге айналмақ. Сондықтан да өнер иесінің немесе автордың туындысын кез келген адам өз меншігіне айналдыра алмайды. Мұның барлығы Қазақстанда арнайы заңмен қорғалған. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстанда «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы», «Патент туралы» заңдар бар. Мұның барлығы арнайы заңдық актілермен реттеліп отырады.

Мысалы, қарапайым ғана мысал келтірейік: Топ әншілері  продюсерімен келісімшартта көрсетілген міндеттерді орындайды. Ал әнші композитордың белгілі бір туындысын немесе әнін орындайтын болса, олар заңдық негізде келісімшартқа отырады немесе адами тұрғыда ауызша келісімге де келуі мүмкін. Бірақ кез келген нәрсенің барлығы да заңның аясында жүзеге асқаны дұрыс. Өйткені кез келген уақытта келіспеушілер болып қалуы мүмкін. Өндірісте де солай. Егер келесі бір тұлға зияткерлік меншік нысанын пайдалану үшін автормен лицензиялық келісімшартқа отыруы керек. Егер мұндай жағдай болмаса, кейін дау туындауы да мүмкін.Сондықтан зияткерлік меншік құқына әркім таласа алмайды. Әрине, көп авторлар мұндай мәселелерге назар аудара бермейді.

Егер Сіздің туындыңыз немесе шығармаңыз және еңбегіңіз тіркеліп, патенттелмесе,  онда мұны базбіреулер пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан құқықтық жағынан әркез сауатты болуымыз керек. Бұл орайда құқықтық саясат тұырымдамасы азаматтардың құқын қорғау мен оны қолдайтынын айта кеткен жөн.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір