• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 15:14:09
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

20 Маусым, 2019 NEWS

Супербатырлар соғысы: атақты фильмнің жаңа нұсқасы жарық көрмек

Marvel және ағайынды Руссо өз туындыларын шығару арқылы барлық уақытта ең көп касса жинаған "Аватар" фильмін алған атағынан айыруға әлі де үмітті.

Marvel студиясының басшысы Кевин Файги Comicbook басылымына берген эксклюзивті сұхбатында фильмнің қайта  шығатынын айтты. Таспа кинотеатрларда  қандай да бір себептермен прокаттың бастапқы нұсқасына кірмеген жаңа сахнамен  жарыққа шықпақ.

"Мстители Финалдың" жаңа нұсқасы келесі демалыс күндері, яғни,  “Өрмекші адам: үйден алыста” ("Человек-Паук: вдали от дома")  фильмінің тұсаукесеріне 1-2 апта қалғанда прокатқа шығады. Сюжет: Питердің тәлімгері Тони Старктің өлімінің салдарынан әлем жартысының қайта өмірге келуі жайында.

Тони туралы айтар болсақ, қосымша кадрлардың бірі ретінде супербатыр  қайтыс болған соң рухтар әлемінде  үлкен қызы Морганды кездестіреді. Алайда, көрермендер фильмді оның премьерасына дейін көріп бағалап, түсініксіз деп санағандықтан,  режиссёрлар бұл сахнаны кесіп тастайды.

Үлкен Морганның рөлін "13 причин почему" сериалының жұлдызы Кэтрин Лэнгфорд ойнады.

Аударған: Ақжібек Аралбек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір