• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 17:04:50
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

20 Маусым, 2019 Маңғыстау облысы

Маңғыстаудың кәсіпкерлер палатасы «Қазпоштамен» келісімге келді

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен "Қазпошта" АҚ МОФ екіжақты меморандумға қол қойды. Негізгі мақсат - қазіргі таңда үлкен қарқынмен дамып жатқан электронды сауда нарығын Маңғыстау өңірі жұртшылығының қолданысына енгізу. Заманауи, сұранысқа ие саланың дамуына серпін беру. Меморандум аясында мынадай қызмет түрлері көрсетілетін болады:

- Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында электронды сауда бұрышын ашу,

- Кәсіпкерлерді оқыту,

- Кәсіпкерді танымал сауда жүйелерімен, алаңдарымен таныстыру және сонда тауарларды тіркеу,

- Облысымызда шығарылатын тауарды экспортқа шығару әдістерін жетілдіру.

-Электронды сату ісін дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылатын болады. Алдағы уақытта келісімнің нәтижелері де көріне бастайды деген сенім бар. Кәсіпкерлерді оқытатын біздің тренерлер осы қызмет түрлерін білуі керек. Курс оқыту барысында болашақ кәсіпкерлерге пайдалы ақпаратты жеткізуде қажет болады, дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.

Ал, «Қазпошта» АҚ МОФ директорының орынбасары Мәулен Ғабдулқалиевтің айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бір тармағы - елімізде электронды сауда нарығын дамыту. Сандық сауданың әдісін меңгергендер атақты сайттар арқылы тауарларын ешбір кедергісіз өткізіп отыр. Облыста 8 интернет дүкен бар. Онда сауда сылбыр, зат сатылмайды. Маңғыстау- қолөнер бұйымдарының орталығы десек те болар. Соны неге әлемдік нарыққа шығармасқа? Ғаламтордың күшін пайдаланып, қайталанбас бұйымдарды халықаралық саудаға шығаратын қадам ширыға түседі деген үміттеміз, дейді ол. Атамекен

Осы мақсатта Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимаратында «Қазпоштаның» бір қызметкері отыратын болып шешілді. Ол кәсіпкерлер мен өзінің жеке ісін бастағысы  келетін азаматтарға логистика жайын түсіндіріп, әлемдік нарыққа жолды қалай ашуға болады, тауарларын сату, ірі сауда сайттарына тіркелуге көмектесу  сияқты міндеттерді атқармақ. Қазір ірі логистикалық орталықтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе қалаларында ашылған. Поштаның осы орталығын Ақтаудан да ашып, тауар айналымына серпін беру жоспарда бар. Мәліметтерге жүгінсек, бүгінгі таңда сауда, тауар айналымының 30 % ғаламтор арқылы жүзеге асуда. Маңғыстауда алғашқының бірі болып «Қазпошта» АҚ электронды сауданы қолға алып жатыр. Пошта тек хат таситын ескіше қызмет емес, қазіргі заман талабына сай, жаңа үлгіде еңбек етуде.  Қолма қол ақшасыз төлем картасын енгізіп, барлық төлеген қаражаттың 1 % кешбэк тұтынушыға кері түседі. Поштаға қарасты супермаркеттер желісі ашылуда. Қаланың орталықтарында өз-өзіне қызмет көрсету «Почтамат» орнатылып, кез-келген сыйлық, тауар, тапсырысты лезде жеткізіп беру қызметтері де дамып отыр.

Алда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп басқа да институттарды тарту үшін логистика, тауар тасымалын субсидиялау жолы қарастырылмақ. Атамекен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір